Halyq Uni логотип
×

ТЖМ вице-министрлері тағайындалды

Олар бұған дейін түрлі басшылық қызметтерді атқарған

 Дәурен Ерболат 12.09.2023 | 11:27
ТЖМ вице-министрлері тағайындалды
Коллаж: Halyq Uni

Төтенше жағдайлар вице-министрлері тағайындалды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Үкіметтің қаулысымен Ерлан Садкенұлы Нұрпейісов, Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов төтенше жағдайлар вице-министрлері болып тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Ерлан Нұрпейісов 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. ІІМ Алматы техникалық институтын бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы ІІБ өрт сөндіру бөлімінің дайындық және өрт сөндіру қызметі, өрт техникасы және байланыс құралдары бөлімінің инженері болып бастады.

  • 1993-1997 жылдары – ШҚО ІІБ жанындағы мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының өрт сөндіруді ұйымдастыру бөлімінің инженері, аға инженері.
  • 1997-2000 жылдары – ШҚО мемлекеттік өртке қарсы қызметі материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің аға инженері.
  • 2000-2002 жылдары – ШҚО мемлекеттік өртке қарсы қызметі жедел басқармасы өрт сөндіруді ұйымдастыру бөлімінің аға инженері.
  • 2002-2005 жылдары – ШҚО мемлекеттік өртке қарсы қызмет бас басқармасының жедел басқармасы өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.
  • 2005-2006 жылдары – ШҚО төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімшелерінің қызметін үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары.
  • 2006-2007 жылдары – ШҚО өртке қарсы қызмет департаменті бастығының орынбасары.
  • 2007-2012 жылдары – ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ басшысы.
  • 2012-2018 жылдары – Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
  • 2018-2020 жылдары – Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы.
  • 2020 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Сондай-ақ Бауыржан Сыздықов 1973 жылғы 14 маусымда Шымкент облысы Бөген ауданы Задарья ауылында туған. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық университетін бітірген, гигиенист-эпидемиолог дәрігері, 2010 жылы РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау академиясын бітірген.

«Командалық-штабтық оперативті-тактикалық азаматтық қорғаныс» мамандығы бойынша басқару саласындағы маманы, ал 2019 жылы Мәскеу қаласындағы «Синергия» Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университетін «Құқықтану» магистрін тәмамдаған.

  • 2001-2009 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ басқармасының аға офицері;
  • 2010-2012 жылдары – ТЖМ Азаматтық қорғаныс департаментінің халық пен аумақты қорғау басқармасының басшысы;
  • 2012-2014 жылдары – ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД басшысының орынбасары;
  • 2014-2015 жылдары – ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы;
  • 2015-2019 жылдары – ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы;
  • 2019 жылғы қарашадан бастап ІІМ ТЖК Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы;
  • 2020 жылғы желтоқсаннан биыл тамызға дейін ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама