×

Ақтөбеде кеңестік ұшақтар 212 млн теңгеге сатылып жатыр

Ұшақты әбден тот басып, тіпті жанармайы мен гидравликалық жүйелері ағып кеткен

 Еркеғали Болатұлы 12.05.2022 | 16:00
фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік мүлікті сату алаңында жалпы құны 212 млн теңгеге бағаланған бірнеше ескі ұшақ аукционға шығарылды.

Ақтөбедегі Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты бір «Як-18Т» (1982 ж.) ұшағын 5,6 млн теңгеден және екі «АН-28» (1990 ж.) ұшағының әрқайсысын 31 млн теңгеден сатылымға қойған. Үшеуі де ұшуға жарамсыз екен.

Бағалау кезінде «АН-28» ұшағы шамамен 1400 сағат ұшты деп көрсетілген. 5 мың сағаттық ресурсы және 5 мың қонуы бар олар 2005 жылдан бастап ұшуға жарамсыз. Ұшақты әбден тот басып, тіпті жанармайы мен гидравликалық жүйелері ағып кеткен.

Одан бөлек, №65229 әскери бөлімі тағы сондай ұшуға жарамсыз «АН-12», «АН-12БП», «ТУ-134» және екі «АН-26» ұшақтарын сатпақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама