Қызылорда облысында жер үйде екі бала қайтыс болды. Олар табиғи газдан уланған болуы мүмкін, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Бүгін, 11 қыркүйекте сағат 7.15-те Шиелі ауданының орталығындағы Н. Бекежанов көшесіндегі жер үйде 2017 және 2020 жылғы балалар көз жұмды.
«Алдын ала болжам бойынша олар табиғи газдан уланған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамынан 1 қызметкер барды. Тұрғындардан газ пештері мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын сұраймыз», - делінген хабарламада.