×

Украина соғыста ауыр қарулар қолдана бастады

Ол Украина қарулы күштерінің америкалық гаубицаларды да қолдануды бастағанын айтты

 Дастан Жұмабекұлы 12.05.2022 | 15:36
фото: ашық дереккөз

Украина Қарулы күштері Ресей әскерімен соғыста ауыр қаруларды қолдануға кірісті.

Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Алексей Арестовичтің айтуынша, украин жауынгерлері қазірдің өзінде Батыстан алған ауыр қару-жарақтарды қолдануды бастап кеткен. Соның нәтижесінде украин сарбаздары Харьков қаласына таяу жерде тұрған жауды 40 шақырымға қуып шыққан. Қазір ауыр артиллерия Изюм бағытында қолданылып жатыр.

Әңгіме Британияның Brimstone ракетасы жайында болып отыр. Ол – кемеге қарсы атылатын зымыран, сонымен бірге жер бетіндегі нысандар үшін де қолдануға болады. Біздің әскеріміз оны белсенді түрде пайдаланып жатыр, – деді Арестович.

Сонымен бірге ол Украина қарулы күштерінің америкалық гаубицаларды да қолдануды бастағанын айтты.

Алайда, Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб Батыс ауыр қару-жарақтарының майданға шығарылғаны туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

22 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Республиканың солтүстігінде, оңтүстік жартысында тұман болып, жел күшейеді, сондай-ақ оңтүстікте найзағай ойнайды
21.03.2023 | 20:45

Абай облысында ерлі-зайыпты қылмыс үстінде ұсталды

Жарма ауданында аса ірі көлемде есірткі саудалаған әйелі мен күйеуі «Алматы-Семей» тасжолында көлікпен келе жатқанда ұсталды
21.03.2023 | 19:50

Маңғыстау облысында 12 ауыл ауыз сумен қамтылды

Өңірде су тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр
21.03.2023 | 17:35

Алматыда студент жарылғыш құрылғы жасырылғаны туралы 4 рет хабарлама жіберген

Дәлелдемелерді ұсынғаннан кейін ол өз кінәсін мойындады
21.03.2023 | 16:39