Ақмола облысының прокуратурасы коммуналдық қызметтерге тарифті төмендетуге атсалысты
Бір мыңнан аса тұтынушының мүддесі қорғалды
Бурабай ауданы прокуратурасының қызметкерлері «Бурабай тазалық» ШЖҚ МКК қызметінде тарифті қалыптастыру кезіндегі заңнаманың бұзылуын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қадағалау ведомствосымен комуналдық қызметтерге тарифті қалыптастыру кезінде негізсіз шығындарды қосудың фактілері анықталды. Атап айтқанда, кәсіпорын ЖЖМ мен қосалқы бөлшектерге арналған шығындарды асыра көрсеткен. Аталған бұзушылықтар бойынша прокуратурамен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, – делінген прокуратура хабарламасында.
Нәтижесінде жеке тұлғалар үшін орташа өлшеген тариф 40 теңгеге (1м3 үшін 683,87-ден 643,62 тг), заңды тұлғалар үшін 22 теңгеге (1м3 үшін 1160,50-ден 1138,38 тг) төмендетілді.
Осылайша, 1 мың 340 тутынушының, оның ішінде 44 заңды тұлғаның мүдделері қорғалды.