×

НАТО Ресеймен соғыс қаупін ескеріп, Балтық теңізінде жаттығу жасап жатыр

АҚШ 200 метрлік «Mesa Verde» кемесін аттандырды

 Дастан Жұмабекұлы 11.09.2023 | 15:02
Фото: timesnews

 НАТО Ресеймен соғыс қаупін ескеріп, Балтық теңізінде жатттығу жасап жатыр.

Korrespondent.net-тің хабарлауынша, Солтүстік альянс елдерінің әскери-теңіз бөлімшелері Эстония мен Латвия жағалауында үлкен жаттығуды бастап кетті.  Оның мақсаты – Ресей тарапынан шабуыл бола қалған жағдайда ,соған қарсы жасалатын әрекеттерді пысықтау. Германия әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы, вице-адмирал Ян Кристиан Каактың айтуынша, бұл жатты,у екі жетіше созылады. Ол – «Солтүстік жағалау» деп аталады.

Жаттығу екі аптаға жуық  созылады. Қазір оған қатысуға НАТО-ның Балтық теңізі аймағында орналасқан барлық елдердің 60-қа жуық кемесі мен 3 мыңнан аса әскери қызметкер қатысуы қарастырылуда. Бұлардан бөлек, жаттығу жиынына АҚШ, Канада, Нидерланд, Бельгия, Франция және Альянс құрамына кірмейтін Швеция атсалысады.

Маневрлер кезінде десанттық операциялар мен теңізден құрлыққа соққы беру әрекеті пысықталады. АҚШ 200 метрлік «Mesa Verde» кемесін аттандырды. Ол 800-ге жуық жаяу әскерлерді тасымалдау мен діттеген жерге түсіруге арналған.

Бұл оқу-жаттығу жиыны Германияның Ростоктағы жаңа әскери-теңіз штабы ұйымдастырған бірінші кең ауқымды іс-шара болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама