Медведев Ресей – Украина қақтығысының соңы ядролық соғысқа ұласуы мүмкін екенін мәлімдеді
Ол НАТО-ның Ресеймен жүргізіп отырған прокси соғысы үлкен апатқа әкелуі мүмкін деп айтты
Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев telegram-дағы жеке парақшасында шетелдік сарапшылардың НАТО мен Ресей арасындағы соғысқа байланысты мәлімдемелерінің көбейіп кеткені туралы жазды. Оның ойынша, Батыс «Ресей әлемді ядролық қақтығыспен қорқытып жатыр» деген тезисті күн тәртібіне енгізуге бар күшін салып жатыр.
Дмитрий Медведев Батыс елдерінің Ресеймен жүргізген прокси соғысы аясында бірнеше «ескерту» жасады:
- НАТО елдерінің Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етуі, оның әскерлерін батыстық техниканы пайдалануға үйретуі, жалдамалы әскерлерді жіберу және Одақ елдерінің біздің шекараға жақын жерде оқу-жаттығуларын өткізуі қазіргі жүргізіліп жатқан НАТО-ның Ресеймен «сенімхат арқылы соғысуының» соңы екі ел арасындағы тікелей және ашық қақтығыстың ықтималдығын арттырады;
- Мұндай қақтығыстың кез келген уақытта толыққанды ядролық соғысқа айналу қаупі бар;
- Бұл барлығы үшін апатты сценарий болады.
Жазбаның соңында ол шетелдік әріптестерін өз әрекеттерінің болуы мүмкін салдары туралы ойлануға шақырды.