Онда иісі бар жасыл түсті өсімдіктің 3 пакеті жасырылған
Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД №28 түзету мекемесінде (қауіпсіздігі жоғары) тыйым салынған заттарды өткізу дерегі анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Жедел есепке сәйкес, сотталғандарға есірткі сәлемдеме, бандероль арқылы және кездесу кезінде беріледі. Тұрғындар кейде оны азық-түлікке, дәрі-дәрмекке, киімге, темекіге және тағы басқа затқа жасыруға тырысады.
Мысалы, 8 қыркүйекте №28 колониясында жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде түзету мекемесінің қызметкерлері Ұлттық ұланның әскерилерімен бірлесіп, түрмеге есірткі кіргізуге жол бермеді. Сотталған Р. атты адамға әкелінген бандерольдің ішінде көлемі 0,5 литр болатын шай пакеттері болған. Онда иісі бар жасыл түсті өсімдіктің 3 пакеті жасырылғаны анықталды.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, тыйым салынған заттар тәркіленді.
Бүгінде бұл дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.