Қарағанды полицейлері жол ережесін дрон арқылы қадағалап жүр
Олар кез келген көліктің нөмірін 200 метр қашықтан айқын түсіре алады
Қарағандылық полицейлер жол учаскесін дрон арқылы патрульдеуге кірісті, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.
Құрылғы жол апаты көп болатын Алматы-Екатеринбург тасжолындағы қауіпсіздікті қадағалайды. Қазір полиция департаментінде осындай 3 ұшу аппараты бар. Олар кез келген көліктің нөмірін 200 метр қашықтан айқын түсіре алады.
Жалпы, облыста жыл басынан бері жол көлік оқиғасынан 81 адам қаза тапқан. Бір көліктегі 5, тіпті 9 адам қаза тапқан жантүршігерлік апаттар да осы жолда тіркелді.
Жаз кезінде Алматы-Екатеринбург республикалық маңызы бар жолында ЖКО жиі болып отыр. Осыған байланысты ПД шешімімен патрульдік полиция нарядының саны 10-нан 32-ге дейін ұлғайды. Дрон құрылғысы арқылы жолдың қарсы бағытына шыққан жүргізушілерді анықтап, әкімшілік хаттама толтырамыз. Күніне 1 учаскеден 10-15 құқықбұзушылық осы дрон арқылы анықталады, - деді қалалық ПД патрульдік полиция батальонының командирі Бекзат Сәулембаев,