×

Қазақстан - Солтүстік Ирландия матчының өткізілетін орны мен уақыты белгілі болды

«Футбол жолы» спорт фестивалі ЭКСПО алаңында өтеді

 Халық үні 10.09.2023 | 07:45
Фото: meta-ratings.kz

«Футбол жолы» спорт фестивалі ЭКСПО алаңында өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Спорт фестивалі 10 қыркүйекте сағат 14.00-ден 22.00-ге дейін өтеді.

Іс-шара аясында ЭКСПО алдындағы алаңның жазғы сахнасында Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамалары арасындағы Еуро-2024 іріктеу кезеңінің тікелей көрсетілімі өтеді.

Сондай-ақ жиналғандардың алдында M'Dee өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Солтүстік Ирландия матчы «Астана Арена» стадионында өтеді.
Жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін стадионға арнайы автобустар қатынайды.

Ойын 19.00-де басталады.

Матчқа байланысты жолдардың бір бөлігі жабылады, сол себепті жанкүйер қауым ертерек шығып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама