×

Шымкент ПБ басшысы Қайрат Дәлбеков «дер кезінде бақылауға алмағаны үшін» жазаланды

ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев қалалық ПД жеке құрамы арасындағы тәртіп пен заңдылықтың бұзылуын қатаң сынға алды

 Динара Амантай 12.05.2022 | 14:32
Қайрат Далбеков, фото: aigak.kz

Министрдің бірінші орынбасары Марат Қожаев бастаған  Ішкі істер министрлігінің бір топ жетекшілері Шымкентке келді. Оған шымкенттік полиция қызметкерлерінің жаппай ұсталуы себеп болды.

«Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов және Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы және жеке құрамымен кездесті. Жиын барысында Марат Қожаев қалалық полицияның жұмысты ұйымдастыру мен тәртіп жағдайына қатысты жұмысын қатаң сынға алды», – деп мәлімдеді Шымкент қаласы ДП баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ҚР ІІМ арнайы топ мүшелері Шымкент қалалық полиция басқармасының жеке құрамын бірқатар қалалық полиция басшыларын, оның ішінде Шымкент қалалық полиция басқармасының басшысы Қайрат Далбековты «дер кезінде бақылауға алмағаны үшін» тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны туралы хабарлады.

Президенттің «Жаңа Қазақстан» Жолдауын іске асыру мақсатында полиция қатарында дөрекілікке, сыбайластыққа орын жоқ. Қазіргі таңда біз ішкі істер органдарының адал, әділ, еңбекқор және таза қызметкерлерін қолдаймыз және олардың жұмысы ілгерілеу үшін жағдай жасаймыз. Азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау және заң үстемдігін орнату – біздің басты міндетіміз, – деп түйіндеді министрдің бірінші орынбасары.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ПБ басшылығын тәртіптік жауапкершілікке тартуға полиция қызметкерлерінің, оның ішінде жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы, рота командирі және патрульдік полиция полкінің екі қызметкері мен Абай аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің жасаған қылмыстары мен құқық бұзушылықтары себеп болды. 

Сонымен қатар, жеке құраммен тікелей жұмыс істеуіге тиісті кадр аппаратына да қатысты қатаң шаралар қабылданатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама