ТЖМ 11 қыркүйекте барша қазақстандыққа қауіпсіз жерді паналау керектігін ескертті
Елімізде 11 қыркүйекте сейсмикалық жаттығулар өткізіледі
Елімізде 11 қыркүйекте сейсмикалық жаттығулар өткізіледі, деп хабарлады Halyq Uni.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сейсмикалық жаттығулар барысында тұрғындар жойқын жер сілкінісі кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелерімен танысып, қауіпсіз орындарды анықтау, зардап шеккен халықтың қабылдау пункттеріне жиналуы сияқты кейбір іс-әрекеттерді іс жүзінде пысықтайтын болады.
Баршаның назарына!» сигналын естіген кезде сабыр сақтаңыздар. Тұрғындарға мүмкіндігінше ғимараттан шығу қажет. Ал ғимараттан шығу мүмкіндігі болмаған жағдайда қауіпсіз жерді паналау керек, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Сейсмикалық жаттығулар «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өткізіледі. Оның негізгі мақсаты – халықты жер сілкінісіне дайындау, оларға жалпы қауіпсіздік мәдениетін үйрету, сондай-ақ азаматтық қорғау күштерінің жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерге әзірлік деңгейін арттыру.
Сейсмикалық қауіпті өңірлерде жаттығулар сағат 10:00-ден 11:00-ге дейінгі аралықта өтеді.