Президент Марокко короліне көңіл айтты

Динара Амантай

Елде жойқын жер сілкінісі болды

Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш-Сафи аймағында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Мұхаммедке көңіл айтты.

Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас Марокко халқына көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетсек, Мароккода жер сілкінісі болып, 300-ге жуық адам қаза тапқан. Елдің кейбір өңірлерінде жарық өшіп, сумен жабдықтау желісі де істен шыққан деген де мәлімет берілді