Halyq Uni логотип
×

Павлодар қаласы әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр

Антикордың ұсынысы облыс әкімдігінде қаралды

 Динара Амантай 09.09.2023 | 17:26
Павлодар қаласы әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр
Фото: СЖҚА Павлодар обл. бойынша департаменті

7 қыркүйекте Павлодар қаласы әкімдігінің мемлекеттік органдар басшылары мен облыс әкімі аппаратының қатысуымен қала әкімінің орынбасарына қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу шеңберінде ҚР ҚІЖК-нің 200-бабының тәртібімен енгізілген Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жиында бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша түсіндіру және профилактикалық шараларды күшейту қажеттілігі көрсетілді.

Жалпы, биылғы 8 айда Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі барлығы 22 ұсыныс енгізді. Оның нәтижесі бойынша 31 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершіліктің әртүрлі түрлеріне тартылды. Оның ішінде 2 адам атқаратын лауазымдарынан босатылды.

Кеңеске қатысқан Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Медет Амралинов мемлекеттік қызметкерлерге бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың дербес жауапкершілігі туралы еске салды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама