Halyq Uni логотип
×

Боксшы Ангелина Лукас әлем чемпионатында жеңілді

Ертең шаршы алаңға Назым Қызайбай (50 келі), Дина Жоламан (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) мен Дариға Шәкімова (66 келі) шығады

 Дастан Жұмабекұлы 12.05.2022 | 14:13
Боксшы Ангелина Лукас әлем чемпионатында жеңілді
Фото: instagram.com/angelina_lukas1997

Түркияның Стамбул қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында шаршы алаңға шыққан төрт спортшымызыдң екеуі жеңіске жетіп, екеуі ұтылды.

52 келі салмақта Жайна Шекербекова пуэрто-рикалық Мелоди Варгасты, 57 келідегі Карина Ибрагимова румын боксшысы Клаудия Нечитаны жеңіп, келесі айналымға жолдама алды.  Ал 63 келідегі Аида Әбікеева алжирлік Имане Хелифтен, 75 келідегі Надежда Рябец түрік Бушра Ишилдардан ұтылып қалды.

52 келіде Халықаралық бокс федерациясының (АIBA) атынан сынға түскен Ангелина Лукас та бразилиялық Каролина де Алмейдадан ұтылып, жарыс жолынан шықты. Ол төрешілердің бірауызды шешімімен қарсыласынан 0:5 есебімен жеңілді.

Ертең шаршы алаңға Назым Қызайбай (50 келі), Дина Жоламан (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) мен Дариға Шәкімова (66 келі) шығады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама