Жеке меншіктегі газ желілері «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ балансына берілді

Динара Амантай

Тұрғындардың мемлекеттік органдарға шағымдары жиілеген

Фото: видеодан скриншот

Түрксіб ауданы прокуратурасының үйлестіруі нәтижесінде Қайрат шағын ауданында орналасқан ұзындығы 10 мың метрден асатын газ құбыры трассасын жеке меншіктен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның балансына беру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, тұрғындар арасында наразылық тудырған соңғы кездегі газдың жиі іркілістері мен сөндірілуі салдарынан мемлекеттік органдарға шағымдар жиілеген.

Тек биылдың өзінде аталған учаскеде газ беруде 12 іркіліс тіркелген. Түрксіб ауданының прокуратурасы желілердің жеке меншікте болғандықтан, жергілікті атқарушы органдардың жағдайға жедел ықпал ете алмауы салдарынан мәселені шешуде қиындық тудырғанын анықтады, – делінген хабарламада.

Газдың әлсіз берілуіне ЖШС (газ желілеріне қызмет көрсеткен) өзінің тікелей міндеттерін сапасыз орындауы, авариялық-диспетчерлік және қызмет көрсету қызметінің болмауы себеп болды.

Тараптардың келісімі бойынша және шағын аудан тұрғындарының тілектерін ескере отырып, желілер «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ балансына беріліп, осы мәселені шешуге мүмкіндік берді.