Әскерилерге пара алмаудың маңызы түсіндірілді

Дәурен Ерболат

Жемқорлыққа қарсы ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр

Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

Өскеменде әскери бөлімнің басшылары мен әскерге шақырушылардың денсаулығын тексеретін дәрігерлермен кездесу өтті, деп хабарлады Altaynews.kz.

Іс-шараны ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті өткізді. Ондағы мақсат – жемқорлықтың алдын алу.

Басқарма мамандарының пікірінше, әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңызды. Сондықтан өңірдегі барлық әскери бөлімнің басшылары, қызметкерлері және әскерге шақырушылардың денсаулығын тексеретін дәрігерлермен кездесу ұйымдастырылды.

Олар сыбайлас жемқорлықты болдырмауға ат салысуы керек. Мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты үлкен өзгерістер сатысында. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны тудыратын себептер мен жағдайларды жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету тұжырымдамасының негізгі бағыты, - деді Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі аға офицері, әділет аға лейтенанты Кайсар Ахметов.

Кездесу барысында ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңды және пара алмаудың маңызын түсіндірді.