Halyq Uni логотип
×

Елімізде 11 қыркүйекте сейсмикалық жаттығулар өткізіледі – ТЖМ

Жаттығулар қауіпті өңірлерде сағат 10:00-ден 11:00-ге дейінгі аралықта өтеді

 Динара Амантай 08.09.2023 | 16:50
Елімізде 11 қыркүйекте сейсмикалық жаттығулар өткізіледі – ТЖМ
Фото: aigak.kz

Елімізде 11 қыркүйекте сейсмикалық жаттығулар өткізіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сейсмикалық жаттығулар барысында тұрғындар жойқын жер сілкінісі кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелерімен танысып, қауіпсіз орындарды анықтау, зардап шеккен халықтың қабылдау пункттеріне жиналуы сияқты кейбір іс-әрекеттерді іс жүзінде пысықтайтын болады.

Баршаның назарына!» сигналын естіген кезде сабыр сақтаңыздар. Тұрғындарға мүмкіндігінше ғимараттан шығу қажет. Ал ғимараттан шығу мүмкіндігі болмаған жағдайда қауіпсіз жерді паналау керек, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Сейсмикалық жаттығулар «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өткізіледі. Оның негізгі мақсаты – халықты жер сілкінісіне дайындау, оларға жалпы қауіпсіздік мәдениетін үйрету, сондай-ақ азаматтық қорғау күштерінің жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерге әзірлік деңгейін арттыру.

Сейсмикалық қауіпті өңірлерде жаттығулар сағат 10:00-ден 11:00-ге дейінгі аралықта өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама