Футболшы Бауыржан Исламханға ота жасалды
Ол енді хаттамаға сәйкес ем-домын алады
Футболдан Шымкенттің «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханға Германияның Мюнхень қаласында ота жасалды.
Футболшының оң аяқ тізесінің менискалары мен байламдарына жасалған ота сәтті өтті.
Ол енді хаттамаға сәйкес ем-домын алады. Бауыржанға Исламханға тезірек аяққа тұрып, қатарға қосылуын тілейміз, – делінген хабарламада.
Бауыржан Исламхан еліміздегі ұлттық құрама командасында ең көп ойнаған 10 футболшының қататына кіреді. Ол – Қазақстанның 6 дүркін вице-чемпионы, 4 дүркін Қазақстан кубогының иегері.