Қаңтар оқиғасы: Таразда айыпталған 5 полицейдің екеуі жазадан құтылды
Қызметтік антты бұзу жазаны ауырлататын жағдай болып есептеледі
Таразда 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде билікті асыра пайдаланды және әрекетсіздік танытты деп айыпталған 5 полицей сот алдында жауап берді.
Еске сала кетсек, былтыр қаңтардың 6-сына қараған түні Тараздағы қалалық полиция басқармасы мен Жамбыл облыстық полиция департаментіне шабуыл жасалған болатын. Сол кезде полицейлер дер кезінде шара қабылдамаған. Ғимараттан қару-жарақ, оқ-дәрі мен арнайы құралдар ұрланды.
Сот полицейлердің асырауында кәмелетке толмаған балалардың болуын жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды. Бірақ қызметтік антты бұзу жазаны ауырлататын жағдай болып есептеледі.
Судья 3 полицейді 4 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Ал қалған біреуі рақымшылыққа ілініп, екіншісі ақталып шықты.