Halyq Uni логотип
×

Террористер Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жармақ болған – ҰҚК

Елде жыл сайын кем дегенде екі террористік шабуыл жасалып тұрады

 Динара Амантай 08.09.2023 | 12:55
Террористер Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жармақ болған – ҰҚК
Фото: muftyat.kz

Террористер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жармақ болған. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының кеңесінде айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда террористік қауіп әлі де артып отыр. Жыл сайын кем дегенде екі террористік шабуыл жасалып тұрады.

Мысалы, биыл ғана дайындықтың ерте кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны жару әрекеті, сондай-ақ Астанада жаппай жиналған жерлерде қарулы шабуыл жасау әрекеттері тоқтатылды, – деді Руслан Сейсембаев.

Оның айтуынша, ҰҚК-ге келіп түскен ақпарат ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үшін Террористік қатерлердің қалыптасуы бірқатар үстем факторлардың әсерінен болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама