Halyq Uni логотип
×

Ауғанстан мен Пәкістанның шекарасында атыс болды

«Талибан» қозғалысының 4 адамы қаза тауып, 10 өкілі жарақат алған

 Дастан Жұмабекұлы 08.09.2023 | 11:41
Ауғанстан мен Пәкістанның шекарасында атыс болды
Фото: vedomosti.ru

Ауғанстан мен Пәкістанның шекарашылары арасында атыс болды.

Aamaj News агенттігінің хабарлауынша, атыс Торхам бақылау-өткізу бекетінің маңында болған. Одан «Талибан» қозғалысының 4 адамы қаза тауып, 10 өкілі жарақат алған.

Қақтығысқа ауғандардың көрші мемлекеттің аумағында бекіністер салу әрекеті себеп болған. Алдымен Пәкістан жағы оқ жаудырған. Осы жағдайдан кейін бақылау бекеті арқылы көлік қозғалысы тоқтатылды, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, мамыр айында Ауғанстан мен Иран арасындағы шекарада үлкен қақтығыс болған еді. Атыс кезінде ирандық 2 шекарашы мен «Талибанның» 1 сарбазы қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама