Halyq Uni логотип
×

Жалған түбіртекпен тегін тамақтанып жүрген шымкенттік сотталып кетті (ВИДЕО)

Ол ақша үнемдемек болған

 Дәурен Ерболат 08.09.2023 | 10:10
Жалған түбіртекпен тегін тамақтанып жүрген шымкенттік сотталып кетті (ВИДЕО)
Фото: polisia.kz

Шымкентте жалған түбіртекпен тегін тамақтанып жүрген 30 жастағы жігіт сотталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Қала тұрғыны қоғамдық тамақтану орнында тегін ас ішіп жүрген. Кассирлерге төлем жасау кезінде ол электронды аударымның жалған түбіртектерін көрсетіп, екі күнде 5-6 рет тегін тамақтанған.

Тұрақты келушіге алданғанын білген дәмхана қызметкерлері полицияға арызданған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркелді.

Тұран аудандық ПБ-ның қызметкерлері мекемеге қойылған камералардағы бейнежазбаларды тексеріп, күдіктінің жеке басын анықтады. Тәртіп сақшылары ықтимал куәгерлерден жауап алып, ер адамның қайда баратынын анықтады.

3 күн іздеу нәтижесінде тегін тамақ ішуге әдеттенген шымкенттік қалада ұсталды. Оның көктемде жасалған тонау қылмысына қатысы бары анықталып, бас бостандығын шектеу жазасын өтеп жатқаны белгілі болды. Бұл жазаның өтелмеген мерзімі ескеріліп, жігіт 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, – деді Тұран аудандық ПБ-ның анықтаушысы Ернұр Әбубәкір.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама