Тимур Құлыбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тимур Құлыбаев «Олимпизм 365» халықаралық олимпиада комитеті комиссиясының мүшесі болып қайта сайланды
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев «Олимпизм 365» халықаралық олимпиада комитеті комиссиясының мүшесі болып қайта сайланды.
Olympic.kz жазуынша, ХОК президенті Томас Бах тиісті хатпен ҚР ҰОК-ті хабардар етті.
«Осы жылға арналған ХОК комиссияларының құрамын төрағалар қарап, мен сізді «Олимпизм 365» ХОК комиссиясының мүшесі етіп тағайындауға шешім қабылдағаныма қуаныштымын. Комиссия жұмысына қосқан құнды үлесіңіз үшін алғыс айтамыз», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, Тимур Құлыбаев 2022 жылдан бастап «Олимпизм 365» ХОК комиссиясының мүшесі.
Сондай-ақ ол 2023-2026 жылдар кезеңіне Азия олимпиадалық кеңесінің (АОК) вице-президенті лауазымына қайта сайланды. Ұлттық олимпиадалық комитеттері қауымдастығының (ҰОКҚ) Атқарушы комитетінің мүшесі.