«Баламның арбасын өртеп жіберген»: Мәжіліс депутаты белгісіз біреулердің отбасын қорқытқанын айтты
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан әріптесіне қолдау білдірді
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзіне белгісіз адамдардың қоқан-лоқы жасағанын мәлімдеді
«Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан-лоқыға ұксайтын әрекеттер басталды. Кішкентай балапанымның арбасын пәтеріміздің есігі алдында жағып жіберген. Осылай, ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар-жоғын ескертіп, білдіртіп отырғандай сезінесің», - деп жазды депутат Facebook-тегі парақшасында.
Бұған қатысты көпшілік пікір жазған. Олардың арасында Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан да бар.
«Әріптесім Бақытжан Базарбекке шабуыл - барша депутаттарға шабуыл деп бағалау керек. Әділеттілік үшін күресіп жүрген азаматты бұлай үркітіп-қорқытып, тура жолынан тайдырғысы келетіндер - сыбайлас жемқорлықты жақтаушылар», - деп жазды Әшімжан.