Бурабайдағы Rixos қонақ үйінің 17 қызметшісі уланып қалды
7 адам жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды
Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Бурабайдағы Rixos қонақ үйінің 17 қызметшісі тамақтан уланып қалғанын, оның ішінде 7 адамның жұқпалы аурулар орталығына жатқызылғанын хабарлады.
Департамент мәліметіне қарағанда, қонақ үйдің 17 қызметшісінен бактериялық ішек инфекциясы тіркелген. Инфекцияны жұқтырған науқастардың жетеуі Көкшетау қаласының жұқпалы аурулар орталығына жатқызылған. Ал қалған науқастар амбулаторлық ем қабылдайды.
Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасованың айтуынша, қазір «Бурабай» санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Rixos қонақ үйінің мейрамханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр. Судың, тамақ өнімдерінің және шайындылардың сынамалары алынып, зертханада тексеріліп жатыр.
Сондай-ақ қызметшілер тексеріліп, эпидемияға қарсы шаралар жалғасады.