Halyq Uni логотип
×

Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық кеңестің алтыншы отырысы өтеді

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі - ҚР Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган

 Халық үні 15.11.2021 | 14:11
Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық кеңестің алтыншы отырысы өтеді
Фото: akorda.kz

16 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысына қатысады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Жиын барысында Президенттің Ұлттық кеңес аясында бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ ҰҚСК мүшелерінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелері жөніндегі ұсыныстары талқыланады деп жоспарлануда. Отырысқа Ұлттық кеңестің өңірлердегі мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта өтеді.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі - ҚР Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган.

Ұлттық кеңес қызметінің негізгі мақсаты – жұртшылық, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдерімен кең талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды жинау.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама