Halyq Uni логотип
×

Шымкентте жастар түнгі клубта есірткіні шұлыққа жасырған (ВИДЕО)

Шағын полиэтилен пакет табылды

 Дастан Жұмабекұлы 07.09.2023 | 11:08
Шымкентте жастар түнгі клубта есірткіні шұлыққа жасырған (ВИДЕО)
Фото: polisia.kz

Шымкентте түнгі клубта жастардың шұлықтарынан есірткі табылды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, рейд кезінде есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы түнгі клубтардың бірінің кіреберісінде бойжеткен мен оның досынан есірткі тапқан.

22 жастағы бойжеткеннен ұнтақты заты бар шағын полиэтилен пакет табылды. Осындай ұнтақ оның 19 жастағы досында да болған. Олар есірткінің бір реттік дозасын қолдану үшін шұлықтарына жасырған.
 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама