Halyq Uni логотип
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара байланыстың нығая түсетініне сенім білдірді

 Динара Амантай 07.09.2023 | 09:33
Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент жеделхатында Бразилия Қазақстанның Оңтүстік Америкадағы маңызды әрі сенімді серіктесі екеніне назар аударып, дәстүрлі достық рухындағы ынтымақтастықтың ауқымы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы өзара байланыстың нығая түсетініне сенім білдіріп, Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, барша Бразилия халқына құт-береке тіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама