×

Алматылық «рэкеттер» дүкенде екі жігітті атып кетті

Шабуыл жасаушылардың бірі қазір изоляторда отыр

 Еркеғали Болатұлы 12.05.2022 | 10:54
фото: ашық дереккөз

Алматыда рэкеттер атыс шығарды. Олар жергілікті кәсіпкерге алым-салық салуға әрекеттенген. Қазір бір күдікті ұсталып, оқиғаның мән-жайы тергеліп жатқаны хабарланды.

Дүкенді жалға алған ер адам жанжалдың ортасында қалған. Ол бір топ адам келіп, ақша талап еткенін айтып отыр.

Олар келіп, жаңа қожайын кім екенін сұрады. Дүкеннің қазіргі жаңа иесі екенімді айттым. Олар «Бұрынғы иесі бізге алым төледі. Сен төлейсің бе?» деп сұрады. Мен «Жоқ, бермеймін» дедім. Сосын олар «Бұл сондай аудан. Біз мұндағы қылмыс әлемінің авторитетіміз» деді, - дейді кәсіпкер Андрей Рожков.

Оның айтуынша, рэкеттер оны қорқытып-үркітпеген. Рожков олар қандай адам екенін білу үшін досына телефон соққан. Ал ол сөйлесіп беруге уәде берген. Содан кәсіпкердің досы дүкенге танысымен келген. Олар не туралы сөйлескенін дүкеннің жалға алушысы білмейді. Бірақ нәтиже шықпаған сияқты.

Кейін бопсалаушылар травматикалық тапаншадан оқ атқан. Рожковты қорғауға келгендердің бірінің жақ сүйегіне оқ тиген. Ол отадан кейін есін жиған, бірақ сөйлей алмайды. Екіншісінің маңдай сүйегіне оқ тиіп, тесілген. Ол ауруханаға ауыр халде жеткізіліпті.

Шабуыл жасаушылардың бірі қазір изоляторда отыр. Ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама