×

Рейдерлікпен айналысқан Елдос Коспаев Кипрде ұсталды - ҰҚК

Елге қылмыстық топтың 7 мүшесі жеткізілді

 Халық үні 06.09.2023 | 21:22
фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 6 қыркүйекте Елдос Қоспаев пен оның сыбайластарын елге жеткізді.
ҰҚК жүргізген операцияның нәтижесінде Солтүстік Кипрден Қазақстанға қылмыстық топтың 7 мүшесі жеткізілді.

Бұған дейін оларға Қаржылық мониторинг агенттігі рейдерлік жасады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деген күдікпен халықаралық іздеу жариялаған болатын.

Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ мүшелері қорқыту және зорлық-зомбылық жасау арқылы кәсіпкерлердің мүлкін, олардың компаниялардағы үлестерін тартып алған, сондай-ақ көлеңкелі бизнеспен айналысқан.

ҰҚК операциясы аясында шетелдік әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, топ қатысушыларының орналасқан жерлерін анықтау, сәйкестендіру және ұстау жөніндегі қажетті жедел іс-шаралар ұйымдастырылды, - делінген ҰҚК хабарламасында.

Күдіктілер ҰҚК «А» арнайы мақсаттағы қызметі жауынгерлерінің айдауылымен Астана қаласына жеткізілді және қылмыстық қудалау органы қызметкерлеріне берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама