×

Қазақстан құрамасы АҚШ-та өткен робототехникадан әлемдік жарыста күміс жүлдегер атанды

Иманали Көксал, Тамерлан Байсарт, Ғазиз Нұрғали, Марғұлан Құдайберген VEX 2022 жыл сайынғы әлем чемпионатында жеңімпаз болды

 Динара Амантай 12.05.2022 | 10:56
Коллаж: Halyq uni

3 мамырдан 8 мамырға дейін АҚШ-тың Даллас қаласында робототехникадан VEX 2022 жыл сайынғы әлем чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы сапында 12 адамнан тұратын 3 команда өнер көрсетті. 40 елден келген 1300-ден астам команданың арасында біздің балалар өз санаттарында тамаша нәтиже көрсетіп, команданың барлық көрсеткіштері бойынша рекордтарын жаңартты.

Далласта Жапония, АҚШ, Қытай және басқа да жетекші елдердің командалары болды. Осы әлемдік деңгейдегі чемпионатта күміс алған команда құрамында Халықаралық робототехника академиясының (IRA) студенттері бар. Өз санаттарында да көш бастап, қола жүлдеге қол жеткізген қалған екі команданың қатарында тағы жеті қазақстандық бар.

“1737D” командасының құрамындағы Иманали Көксал, Тамерлан Байсарт, Ғазиз Нұрғали, Марғұлан Құдайберген Қазақстан құрамасының 2015 жылдан бері қатысу тарихында алғаш рет Техас қаласында өткен VEX 2022 робототехникасы әлем чемпионатында дивизионның күміс жүлдегері атанды.

Команда финалдық матчқа дейін мыңнан астам команданы әрі плей-офф кезеңдерін еңсеріп, ұзақ жолдан өтті. Нәтижесінде Дивизион финалистерінің кубогын жеңіп алды. Бұл VEX Әлем чемпионатына қатысу кезінде команданың өнер көрсету тарихындағы ең жақсы нәтиже болды.

Еске сала кетсек, екі апта бұрын АҚШ-тың Хьюстон қаласында 7-9 жас аралығында робототехника бойынша FIRST Lego League  әлем чемпионатында біздің жас отандастарымыз Challenge Solution Award – «Үздік жобалық шешім» номинациясында жеңіске жеткен болатын.  Қазақстандық балалар жүктерді тиімді тасымалдауға байланысты дайындаған жобалары үздік деп танылып, Google өкілдерінің қызығушылығын тудырған. Компания қызметкерлері қазақстандық чемпиондарды болашақта олардың инженері болуға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама