Халықтың таршылық көрмеуі бюджеттің әділетті қалыптасуына тікелей байланысты
Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов ұлттық компаниялар таза табысының бір бөлігін мемлекет қазынасына аудармай отырғанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ол депутаттық сауалын премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа жолдады.
«Бүгінде ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың бюджетке берілетін дивиденттеріне қатысты сын да көп, үміт те көп болып тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсауды тоқтатып, қаражатты аса қажетті инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға жұмсау керектігін назарға салды.
Президент Ұлттық әл-ауқат қорына қатысты сатып алудың тиімсіз жүйесі, еңбек жанжалдары, залалдылық, ауқымды жобалардың аяқталмауы, күтіп-ұстауға жұмсалатын шамадан тыс шығындар, яғни бұл мәселелерге қоғамның наразылығы бар екендігі туралы айтып, Үкіметке және жауапты органдарға тапсырмасын берді, - деді Мархабат Жайымбетов.
Алайда айтылған сынға, берілген тапсырмаға біраз уақыт өтсе де ұлттық әл-ауқат қорының мемлекет бюджетіне қаражат бөлуі көңіл көншітпей отыр.
Мысалы, 2022 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мемлекетке берілетін пайданың 70%-ның орнына тек 10%-ын төлеген. Нақтырақ тоқталсақ, 1 трлн 629 млрд теңге таза табыстың 170 млрд теңгесін қайтарып отыр. Ал тапсырма бойынша, бюджетке 1 триллион 140 млрд теңгені қайтару қажет еді. Яғни 970 млрд теңге мемлекет қазынасына аударылмаған. Бұл қаражат республикалық бюджетке құйылса, елдің әл-ауқатын көтеретін жобаларды іске асыруға бағытталатын еді, - деді депутат.
Мархабат Жайымбетовтің пікірінше, «Самұрық-Қазынаға» қарасты компаниялардың табысы туралы ашықтық пен жариялылық сақталмай отыр.
Мәселен, 2022 жылы Air Astana басшысы өзіне 394 млн теңге сыйақы төлегені туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жарыса жазды, ал «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының деңгейімен салыстыруға келмейтін «Отбасы Банк» мемлекетке 67 млрд теңгеден аса қаражат қайтарды.
AMANAT партиясы Жолдаудың маңызын ескеріп, мемлекет басшысының жаңа экономикалық саясатына қолдау көрсетіп, мемлекеттің қаржысын оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермеу үшін бүкіл қоғамның күш-жігерін жұмылдыруға шақырады», - деді ол.
Осыған байланысты депутат төмендегі ұсыныстарға назар аударуды сұрады: