Астанада дүкендердің бірінен телефон ұрлаған қыз ұсталды
iPhone 13-тің бағасы 320 мың теңге болған
Астанадағы дүкендердің бірінен iPhone 13 телефонын ұрлаған қыз анықталды.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Байқоңыр ауданы полиция басқармасының полицейлері телефон ұрлаған 21 жастағы қызды анықтады. Тергеу кезінде қыздың күндіз Бараев көшесіндегі ұялы телефон дүкеніне кіргені анықталды. Ол сатушыға смартфонды сатып аламын деп бірнеше ұялы телефонды көрсетуді өтініп, сатушыны алдап, iPhone 13 телефонын қалтасына салып әкеткен. Келтірілген материалдық шығын 320 мың теңге болған.
Қазір ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заттай айғақтар алынды. Астана тұрғыны кінәсін мойындап, оның бұған дейін астанада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.