Жеткіншек әжесін қатты сағынып, үйден кетіп қалған
Шымкент қаласында 10 жасар бала жоғалып кетті. Ол күндіз үйінен аулада серуендеуге шығып, қайтып оралмаған. Анасы бірнеше сағат өткеннен кейін ғана дабыл қағып, ұлын достары мен көршілерінен сұрастыра бастаған.
Баланың анасы әуелі өз бетінше іздеп көріп, нәтиже шықпаған соң түнде полицияға хабарласып, көмек сұраған.
Осыдан кейін жоғалған ойын баласын іздеуге Тұран аудандық полиция басқармасының барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары мекенжайға жақын орналасқан жасөспірімдердің жиі болатын жерлерін, саябақтарды, ойын алаңдарын, сауда орындарын тексеріп, сыртқы бейнекамералардың жазбаларын қарады. Іздеу жұмыстары жарты күнге созылды.
Нәтижесінде баланың тұрғылықты жерінен 10 шақырым қашықтыққа, қаланың шетіндегі әжесінің үйіне жаяу барғаны анықталды.
Жеткіншек анасына аман-есен қайтарылды. Ол әжесін қатты сағынғанын айтты. Өз кезегінде баланың анасы полиция қызметкерлеріне адал қызметі үшін шынайы алғысын білдірді.