Полицияға 57 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны жөнінде хабар түскен
Қызылорда қаласында саяжайдағы үйден 57 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Полицияға тұрғын үйдің бірінде бірнеше пышақ жарақатын алған 57 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны жөнінде хабар түскен.
«Адам өліміне қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғындар ұсталған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы (Адам өлтіру) бойынша іс қозғалды. Ол бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - делінген хабарламада.