Ақтөбедегі ерлі-зайыптылардың өлімі: оларды кім өлтіргені белгілі болды
64 жастағы ер адам мен оның 70 жастағы әйелінің өлі денесін пәтерінен қызы тауып алған
Ақтөбеде ер адам егде жастағы әке-шешесін пышақтап өлтірдң, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Ақтөбе қаласында 4 қыркүйекте сағат 20:30 шамасында өз пәтерінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген өлім белгілері бар егде жастағы ерлі-зайыптылардың денесі табылды.
64 жастағы ер адам мен оның 70 жастағы әйелінің өлі денесін пәтерінен қызы тауып алған. Мәйіттер бір күн бойы жатып қалған. Қызы қайта-қайта қоңырау шалып хабар ала алмаған соң пәтерге келген. Ата-анасының өлі денелерін көріп, бірден полицияға хабарлаған. Күдікті ұзаққа созылмай табылды. Ол марқұмдардың туған ұлы болып шықты.
«Өзім кешқұрым білдім. Ұлы үнемі ішіп жүретін. Әке-шешесін өлтірген соң, қашып кетті-ау деймін. Марқұмдар керемет адамдар еді. Менің немеремнің кіндік шешесі болды. Естігелі, көзімнен жас құрғамады. Ұлы оңбады ғой», – дейді қала тұрғыны Валентина Зверьева.