×

Қытайда 113 адам мінген жолаушы ұшағы өртке оранды

Зардап шеккен 40 шақты адам ауруханаға жеткізілді

 Ербол Тұрымбет 12.05.2022 | 09:19
фото: ura.news

12 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:09-да Қытайдың Чунцин халықаралық әуежайында Чунцин-Лхаса бағытындағы ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртке оранды. Ұшақта 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған.

Борттағы 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі эвакуацияланды, олардың арасында зардап шеккендер бар.

Хабарламаға сәйкес, Tibet Airlines компаниясының 122 жолаушысы мен экипажы бар ұшағы ұшу-қону жолағынан сырғып шығып, өртеніп кеткен.

Барлық 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі қауіпсіз жерге шығарылды. Жарақат алған 40-тан астам жолаушы ем алу үшін қалалық ауруханаларға жеткізілді. Қазіргі уақытта Чунцин Цзянбей халықаралық әуежайында ұшу-қону рейстері қалыпты жағдайға оралды. Оқиғаның себебі анықталуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама