Боксшы атақты мексикалықтың отандасымен спарринг өткізді
Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы осы дивизионда IBF титулына ие германиялық Винченцо Гуальтьеримен жекпе-жекке дайындығын жалғастырып жатыр. Дайындық барысында ол кезінде Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жектерге дайындалған мексикалық боксшы Ласаро Лоренсанамен төрт раунд спарринг өткізді.
Спаррингтен кейін Жәнібек Әлімханұлы Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жеке шығуға дайын екенін айтты.
«Канелоның» спарринг қарсыласы мексикалық Лазаромен 4 раунд спарринг өткіздім. «Канелоға» дайындық бір күнге де тоқтаған емес, – деп жазды әлеуметтік желіге боксшының командасы.
Жәнібек Әлімханұлы да атақты мексикалық боксшымен жұдырықтасуға дайын екенін айтып келеді.