Ол қарсылыққа Лос-Анджелес командасын жеңгендері үшін ұшырады
Үздік бомбардир Лионель Мессиге Жоғары лига турнирінде жанкүйер шабуыл жасады. Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлады.
Жанкүйердің әйгілі футболшыға бөтелке лақтырған сәті видеоға түсіп қалған. Месси «Интер Майами» клубына қарсыластары Лос-Анджелес командасын жеңуге көмектескені үшін көрермендердің қарсылығына ұшырады.
«Интер Майами» жеңісінен кейін Лионель Мессиге көрермендер су бөтелкесін лақтырды. Екі рет нәтижелі пас берген Месси өз қорғаушысымен алаңнан шығып бара жатқанда, оған бөтелке лақтырылды. Алайда ол футболшыға тиген жоқ, – деп жазды Daily Mail.
Ал келесі бір кадрдан Мессиді жанкүйерінің ойын алаңында құшақтап алғанын көруге болады. Алайда оны футболшының қорғаушысы ортадан алып кетті.