Қазақстанда 2,2 млн зейнеткер бар
2021 жылдың қаңтар-қараша айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 750,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн 696,4 млрд теңге бағытталды.
Қарашада республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,2 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 68 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 153,2 млрд теңге бағытталды.
1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 233 мың адамды құрайды.
Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 99 726 теңгені құрады.