Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері 100 мың теңгеге жуық – Еңбек министрлігі

Қазақстанда 2,2 млн зейнеткер бар

 Халық үні 13.12.2021 | 11:58
Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері 100 мың теңгеге жуық – Еңбек министрлігі
көрнекі фото: regtv.kz

2021 жылдың қаңтар-қараша айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 750,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн 696,4 млрд теңге бағытталды.

Қарашада республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,2 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 68 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 153,2 млрд теңге бағытталды.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 233 мың адамды құрайды.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 99 726 теңгені құрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама