ҰҚК ірі есірткі контрабандасының жолын кесті

Динара Амантай

Шетел азаматтары шекарадан катермен заңсыз өтпек болған

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Каспий акваториясы арқылы таяу шығыс өңірінен есірткі заттарын Қазақстанға контрабандалау арнасының жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 3 қыркүйекте Маңғыстау облысында есірткі мәмілесін жасау барысында адамдар тобы ұсталған. Олардың қатарында мемлекеттік шекарадан шағын өлшемді жүрдек катерлермен заңсыз өткен шетел азаматтары да бар.

15 келі апиын, 20 келі гашиш, 50 қорап «трамадол» апиынды анальгетигі, сондай-ақ навигация және техникалық байланыс құралдары тәркіленді. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.