Индонезия инвесторлар үшін «алтын визаны» енгізді
Бес жылдық виза алу үшін инвесторда 2,5 млн доллар болуы керек
Индонезия шетелдік инвесторларды елге тарту үшін «алтын визаны» енгізді. Мұндай виза иелері елде 5 жылдан 10 жылға дейін тұра алады.
«Анадолы» агенттігінің хабарлауынша, бұл шара ұлттық экономиканы ынталандыруға бағытталған. Бес жылдық виза алу үшін инвесторда 2,5 млн доллар болуы керек.
Корпоративтік инвесторлар бес жылдық виза алу үшін 25 млн доллар инвестициялауы керек. 10 жылдық виза 50 млн долларға бағаланған. Қазір Америка Құрама Штаттары, Ирландия, Жаңа Зеландия және Испания сияқты елдерде алтын виза тәртібі бар.