×

Ақмола облысында шаңғы спортының жаттықтырушысы есірткі өткізумен айналысқан

Астана мен облыс аумағына есірткі өнімдерін жеткізу арнасын жабу бойынша арнайы операция жүргізілді

 Динара Амантай 04.09.2023 | 17:46
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында шаңғы спортының жаттықтырушысы есірткі өткізумен айналысқан, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратурамен келісіп және Қаржы мониторингі агенттігінің қолдауымен «Қарасора – 2023» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Астана мен облыс аумағына есірткі өнімдерін жеткізу арнасын жабу бойынша арнайы операция жүргізді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Ақмола облысының есірткіге қарсы күрес полицейлері Жібек Жолы кенті терминалының жанында Астана қаласының 37 жастағы тұрғынының басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Анықталғандай, ол балаларға шаңғы спортын үйретумен айналысқан. Күдіктінің автокөлігін тінту барысында багаж бөлігінен картон қорап табылды. Оның ішінен салмағы 40 келіге жуық гашиш есірткі заты бар 4 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді, – делінген хабарламада.

Сол күні елорда маңындағы ауданда, өз үйінде есірткі заттарының тағы бір көтерме саудагері, 36 жастағы ер адам ұсталды. Үйді тінту кезінде гараждың үй-жайынан салмағы 15 келіден астам есірткі заты бар екі полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді.

Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама