Halyq Uni логотип
×

Таиландтағы Қазақстан азаматының өлімі: Смадияров түсінік берді

Жақында марқұмның денесі елге жеткізіледі

 Дәурен Ерболат 04.09.2023 | 17:07
Таиландтағы Қазақстан азаматының өлімі: Смадияров түсінік берді
Фото: astanatv.kz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таиландтағы қазақстандықтың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, 1 қыркүйекте Қазақстанның Таиландтағы елшілігіне Пхукет аралында қазақстандық азамат суға батып кетті деген ақпарат түскен.

Сол ақпаратты тексеру үшін біздің консул жергілікті полициямен байланысты. 2 күн іздестіру жұмыстары жүргізілді. 3 қыркүйекте бір азаматтың денесі судан шығарылды. Бірақ суда адамның денесі 2 күн болғандықтан оның кім екенін анықтау өте қиынға соқты. Бүгін әке-шешесі полицияға барып, тану процедурасына қатысып, баласын таныды, - деді ресми өкіл СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Марқұм 15 жасынан бері шетелде саяхаттаумен әуестенген. Оның Таиландта жүргеніне бірнеше ай болған.

18 жастағы жігіт YouTube желісінде өте белсенді болған. 15 жасынан шетелде қыдырып жүреді екен. Өкінішке қарай осындай қайғылы жағдай болды. Әке-шешесіне барлық көмек көрсетіледі. Анасы да, әкесі де сол жерде. Жақын арада марқұмның денесі Қазақстанға жеткізіледі, - деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, бұған дейін Таиландта 18 жастағы қазақстандықтың өлі табылғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама