Қандастарға өңірлік квота көбейеді
Құжат 15 қыркүйекке дейін көпшіліктің талқылауында болады
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау квотасы көбеюі мүмкін. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрықта белгілі болды. Енді құжатқа қарағанда, қандастар мен қоныс аударушыларға биылғы жылға арналған өңірлік квота 2 287 адамға (бұрын 1 925 адам), қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квота саны 6 592 адамға (бұрын 6 727 адам) көбеюі ықтимал.
Жобаны қабылдаудың мақсаты – жергілікті атқарушы органдарының қажеттілігіне байланысты қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасын қайта бөлу. Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды, - деп хабарланды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің бұйрық-жобасында.
Құжат 15 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауында болады.