Halyq Uni логотип
×

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

Қылмыстық іс «аса құпия» тәртібі бойынша тергелуде. 

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
фото: ашық дереккөзден

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі 6 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

«ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұловтың қамауға алу мерзімі де 6 маусымға дейін, Дәулет Ерғожиннің қамау мерзімі 13 маусымға дейін ұзартылды», - делінген ҰҚК таратқан хабарламада. 

Айта кетейік, Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұлов 8 қаңтарда ұсталды. 13 қаңтарда билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер фактілері бойынша тергеу басталды.

Кәрім Мәсімовтің ісі Қылмыстық кодекстің «Пара алу, билікті және өкілеттікті асыра пайдалану», сондай-ақ «Мемлекетке опасыздық жасау» деген бірнеше бабы бойынша тергелуде. Қылмыстық іс «аса құпия» тәртібі бойынша тергелуде. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама