Halyq Uni логотип
×

Астанада перзентханалардың 68%-ы шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп жатыр

Қалада жаңа перинаталдық орталық салу керек

 Дәурен Ерболат 04.09.2023 | 12:20
Астанада перзентханалардың 68%-ы шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп жатыр
Фото: facebook/№3 Перинаталдық орталық

Елордада перзентханалардың басым бөлігі шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұл туралы Ашық НҚА-да жарияланған «2023-2027 жылдарға арналған елорданың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың кешенді жоспарында» жазылған.

Құжатта Астана қаласы бойынша әйелдерге жүктілік, босану, босанғаннан кейінгі кезеңде және жаңа туған нәрестелерге стационарлық медициналық көмекті 550 орынға есептелген үшінші деңгейдегі 3 босандыру ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің көмек көрсететіні жазылған.

Қазақстанның бас қаласы мәртебесін алғаннан бері елордада 130 төсек-орынға арналған бір ғана перинаталдық орталық салынды. Ол 2009 жылы пайдалануға берілді. Астана қаласы халқының өсуіне байланысты перинаталдық орталықтардың төсек қоры нақты алаңды ұлғайтпай, нығыздау жолымен кезең-кезеңімен 335-тен 550 төсекке дейін (39%-ға) кеңейтілді. Сонымен қатар акушерлік кереуеттер 68% шамадан тыс жүктелгені байқалады, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бүгінде Астанада 1,3 млн-нан аса адам тұрып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама