Halyq Uni логотип
×

Бес кеншінің өлімі: «Қазақстан» шахтасындағы өрт әлі толық сөндірілмеген

Шахтадағы апатты тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы 10 күнге ұзартылды

 Халық үні 04.09.2023 | 12:08
Бес кеншінің өлімі: «Қазақстан» шахтасындағы өрт әлі толық сөндірілмеген
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Қазақстан» шахтасындағы өрт салдарынан болған апатты тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы 10 жұмыс күніне ұзартылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова мәлімдеді.

Қазір шахтаның апаттық учаскесінде 27 тау-кен құтқарушы жұмыс істеп, көмек көрсетуге 14 кенші жұмылдырылған. Тоғыз бөгет тұрғызылды, тағы 3 бөгет құрылысы бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Сондай-ақ өрт ошақтарын сөндіру жұмысы жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 2023 жылдың 17 тамызы сағат 10:00-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртеніп, апат болды. Шахтада барлығы 227 адам болған. Сол күні шахтадан 222 адам жер бетіне шығарылды, қалған 5 кеншіні іздеу жұмыстары жүргізілді. Содан кейін олардың мәйіті табылды.

Биыл Қазақстанда кеншілердің кәсіби мерекесі 27 тамызға тура келді. Алайда биыл Қарағанды өңірінде мереке бірінші рет тойланбады. Оған осыдан тура 11 күн бұрын «Қазақстан» шахтасында басталған өрт салдары себеп болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама